#
#
Сенбі 17/11/2018

Иманғали Тасмағамбетов Ресейдің Қазақстандағы Елшісімен кездесті

  • 15.02.2018
  • 0
  • 581

Бүгін Мәскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ресейдің Қазақстандағы Елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстанда биыл өткізілетін шаралар бойынша екі жақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттары талқыланды. Ол - Астана процесіне қатысушы гарант-мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің кездесуінен кейін өтетін сирияаралық келіссөздердің 9-шы раунды. Сонымен қатар, Каспий теңізіне берілетін жаңа құқықтық мәртебе туралы конвенция жобасы қаралатын Каспий теңізімен шектесетін мемлекеттердің 5-ші саммиті.

Каспий теңізіне құқықтық мәртебе беру мәселесінің маңыздылығы КСРО тарағаннан кейін көтеріліп келеді. Мәртебесін анықтау оны теңіз немесе көл ретінде бөлінуіне байланысты болып отыр. Каспийдің әр бөлігі халықаралық құқық негізінде әртүрлі тәртіпте бақыланады.

Сонымен қатар, тараптар алтыншы рет өткелі отырған әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі және Қазақстан мен Ресейдің ХV өңіраралық ынтымақтастығы форумын талқылады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар