09 жел, 2017 сағат 11:21

Илья Ильин Токио Олимпиадасына қатыса алады

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатыса алады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

Ильин допинг дауынан кейін 2008 және 2012 жылғы Олимпиада алтындарынан айырылған болатын. IWF ұйымының тәртіптік комиссиясының шешімі бойынша ол екі жылға спорттан шеттеліген еді. Шеттету 2016 жылдың 10 маусымында күшіне енген болатын.

Осылайша, атлетті спорттан шеттету 2018 жылдың 10 маусымында аяқталады да, ол 2020 жылғы Олимпиадада Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетуі мүмкін.

Сонымен бірге, Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясының көмегімен Илья Ильин Олимпиададан өзге жетістіктерін сақтап қала алды. Еске салайық қазақстандық ауыр атлет әлемнің төрт дүркін чемпионы.