31 мам, 2020 сағат 19:12

Илон Маск: Crew Dragon-ның ұшырылуы мультипланеталық адамзатқа қадам

SpaceX басшысы Илон Маск NASA-дағы трансляция барысында ішінде ұшқышы бар Crew Dragon кораблінің ғарышқа ұшырылуын «адамдардың мультипланеталық түрге айналуы бағытында жасалған бірінші қадамы» деп бағалады. 

Бұл корабльді адам жасады және адамдар үшін жасады. «Мен дәл осы сәттерде басымыздан өтіп жатқан оқиғаны адамзат мақтаныш етеді деп ойлаймын», - деген ол Crew Dragon-нің ұшырылуы көңілі зерттеушілікке бұратын әрбір адамды бей-жай қалдырмайтындығын жеткізді. Илон Маск өзінің ерекше сезімде екенін жасырмады.

Сонымен қатар ол «жеңісті» жариялауға әлі ерте екенін мәлімдеді. Енді SpaceX алдында астронавтарды Жерге аман-есен қондыру міндеті тұр. Сонан кейін мұндай ұшуларды жиілету қажет.

SpaceX иесі өзіне қойылған сұрақтарға жауап берді. «Айға қарай ұшу бола ма және ол қашан болады?», - деген сұраққа: «Мен мұндай сапардың екі жылдан кейін жүзеге асуын қалар едім, бірақ ол іс жүзінде төрт жылдан кейін де орындалуы мүмкін», -  деп жауап берді.