06 қаң, 2017 сағат 15:37

Ильиннің олимпиадада алған алтын медалі Польша спортшысына берілді

- Польша ауыр атлетика қауымдастығының сайтының жазуынша, осы елдің спортшысы Шимон Колецки ресми түрде Бейжіңде 2008 жылы өткен Олимпиаданың 94 келіге дейінгі салмақтағы чемпионы атанды, деп хабарлады Sports.kz.

Бұл ақпаратты өзінің ресми сайтында Халықаралық ауыр атлетика федерациясы жария етті.

Бейжіңде 2008 жылы алынған допинг-сынаманы қайта зерттеу нәтижесінде тыйым салынған зат алтын алған Илья Ильиннің, үшінші орын алған ресейлік Хаджымұрат Ақаевтың қанынан табылды.  Ол кезде Шимон Колецки екінші, Грузияның атынан шыққан Арсен Касабиев - төртінші орынға ие болған еді. Енді олар, тиісінше, алтын, қола наградаларды алады.