25 мау, 2019 сағат 14:24

ІІМ: Арыстағы ғимараттардың 80-90 пайызына зақым келген

Жарылыс салдарынан Арыс қаласындағы үй-жайлар мен ғимараттардың 80-90 пайызына әртүрлі деңгейдегі зақым келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін сағат 15.00-де оқиға орнында жұмыс жүргізіп жатқан саперлар 24 снаряд пен снарядтардың қауіпті 104 фрагменті анықталды. Олардың барлығы оқиға орнында қолдан жарылды немесе сыртқа шығарылып, залалсыздандырылды. Ғимараттар мен үй-жайлардың барлығының саны 7600. Көп жағдайда олардың шатыры немесе терезесі сынған. Алайда одан да қатты ақау келтірілген нысандар баршылық. Өкінішке қарай, азаматтардың өздері әртүрлі жайларды сылтау етіп, қалаға кірудің амалын бағып жатыр. Тұрғындар қалаға баруға асықпаса екен дейміз. Себебі, әлі де залалсыздандырылмаған снарядтар бар. Олар ең үлкен қауіпке әкелуі әбден мүмкін», - деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар департаментінің төрағасы Владимир Беккер «24.кз» арнасынан тікелей эфирде.

Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында кеше таңертең жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. 85 Апат салдарынан екі адам мерт болды.