03 шіл, 2019 сағат 14:33

Игорь Крутой «Достық» орденімен марапатталды

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев ресейлік әртіс Игорь Крутойды ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.

«Қазақстан мен Ресей халықтарының арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін композитор   Игорь Яковлевич Крутой, Ресей Федерациясы, ІІ дәрежелі «Достық» орденімен наградталсын», - делінген Мемлекет басшысының қаулысында.