#
#
Сейсенбі 26/05/2020

IATA Bek Air әуе компаниясынан таңбалау кодын қайтарып алды

  • 18.01.2020
  • 0
  • 421

Халыаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) Bek Air әуе компаниясынан таңбалау кодын қайтарып алды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Сіздердің компанияларыңыз таңбалау кодын мұнан ары иелік ете беру үшін 762 қарарға сәйкес IATA бекіткен біліктілік талаптарына сай келмейтіндігін хабарлайтындығымызға өкінеміз», - делінген әуе компаниясының ресми сайтын жария етілген IATA хатында.

Сонымен қатар хатта 60 күннің ішінде қажетті тексеру шаралары жүргізілгеннен кейін әуе компаниясы үшін код қолжетімді болуы мүмкін екендігі айтылған.

IATA әуе компаниясы коды –Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының әуе компаниясына екі немесе үш мәнді жеке сәйкестендіргіші. Әуе компаниясының кодын әуе компаниялары, билет сататын агенттіктер, авиациялық жолаушылар тасымалы саласындағы коммерциялық қызметтерге байланысты ақпаратты беру үшін өзге де кәсіпорындар қолданды.

IATA кодтар тізімін жылына 2 рет жариялайды және онымен қауымдастықтың ресми сайтында танысуға болады.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан Бекэйр компаниясының ұшағы радардан жоғалып кетті.

Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды.

Ұшақ жерге құлаған соң сырғанап барып әуежай аумағына жақын тұстағы ауыл шетіндегі екі қабатты үйге соғылған. Салдарынан 12 адам қаза тапты. Осыдан кейін Bek Air әуе компаниясына тиесілі тоғыз Fokker-100 ұшағының қызметі тоқтатылды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар