19 қаз, 2018 сағат 09:41

Hello, ауыл! (фильмнің толық нұсқасы)

«Нello, ауыл» деп аталатын романтикалық комедияда ауылдың тыныс-тіршілігі мен ондағы ауыл жастарының өмірі бейнеленген. Фильмнің өн бойынан ауылдың тамаша табиғаты мен мамыражай өмірі көрініс тапқан. Жастардың әзіл-қалжыңы да бар. Қалада өскен жігіттің енді ауылға келген беті. Әлі мамыражай тіршілікке үйренбеген мұғалімнің бар ойы — ауылды көркейту. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп, шәкірт тәрбиелеу. Сөйтіп жүріп, ауылдағы ең сұлу қызға ғашық болады. Міне, фильмнің барлық оқиға желісі осылай басталады.Басты рөльді сомдаған — «Мұнарлан» тобының бұрынғы әншісі Бағлан Жолдасов. Бұған дейін «Қыз жолы» атты телесериалға түсіп, аздап тәжірибе жинақтаған музыкант үшін бұл — ең үлкен роль. Хор дирижері бойынша білім алған әнші осылайша бағын кино саласында сынап көруге бекініпті