#
#
Дүйсенбі 25/06/2018

Halyk Bank басшылығы алатын жылдық сыйақы көлемі аталды

  • 28.04.2018
  • 0
  • 2794

"Қазақстан Халық банкі" АҚ директорлар кеңесі мен басқарма мүшелері 2017 жылы шамамен 1,922 миллиард теңге сыйақы алған, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қаржы институтының мәліметіне сілтеме жасап. 

Бұл сомадан 191,110 миллион теңге сомасындағы жеке табыс салығы мен 16,140 миллион теңге міндетті зейнетақы жарнасы ұсталған. 

Halyk Bank сайтындағы мәлімет бойынша, директорлар кеңесі мен басқарма құрамына 14 адам кіреді. Директорлар кеңесінің төрағасы - Александр Павлов. Басқарма төрайымы - Үміт Шаяхметова. Осылайша, бір адамға шаққанда сыйақы көлемі орташа есеппен жылына 137,320 миллион теңге болған, бұл шамамен 419 мың доллар.

"Қазақстан Халық банкі" АҚ баспасөз қызметіндегілер бұл мәліметті растады, алайда сыйақының қашан төленгенін және директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінің нақты қанша сомада сыйақы алғанын нақтыламады. 

"Халық" тобының 2017 жылдағы табысы 173,36 миллиард теңге болған. 40 пайызын немесе 69,4 миллиард теңгені дивидендтерді төлеуге бағыттау жоспарланған. Акция дивидендінің көлемі 6,31 теңге, төлемдер 2018 жылдың 1 маусымында басталады.

Мұның алдында "Казкоммерцбанк" АҚ "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-пен біріктіру туралы шешім қабылданғаны хабарланған. Мұндай шешім қаржы институттары акционерлерінің біріккен жиналысы барысында қабылданған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар