04 шіл, 2019 сағат 10:38

«Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы парамен ұсталды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры Арман Бердалин агенттікте өткен брифингте сыбайлас жемқорлық фактісімен ұсталғандар туралы мәлімет берді. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасын парамен ұстады. Ол 5000 АҚШ доллары көлемінде Қазақстан Республикасындағы жоғарғы оқу орындары бірінің ректорынан ғылыми жобаларды қаржыландыру бойынша мәселені жағымды шешу үшін пара алған. Күдіктіні ұстау жүргізілген жоқ, толық кінәсін мойындады. Тергеу жалғасып жатыр», - деп мәлімдеді ол.