#
#
Сейсенбі 23/04/2019

Гүлшара Әбдіқалықова Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекет қайраткерлерімен кездесті

  • 09.02.2019
  • 0
  • 375

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекет қайраткерлерімен, азаматтық қоғам көшбасшыларымен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Біріккен Араб Әмірліктеріне Қазақстанның кәсіпкер әйелдерінің делегациясын бастап барған Гүлшара Әбдіқалықова осы елдің мемлекет қайраткерлерімен, азаматтық қоғам көшбасшыларымен бірқатар екі жақты кездесулер өткізді.

Мемлекеттік хатшы Біріккен Араб Әмірліктері Әйелдер бас кеңесінің төрайымы шейха Фәтима бинт Мубаракпен кездесуде екі ел әйелдерінің бизнес-қоғамдастығы ынтымақтастығының басымдықтарын, мемлекеттік отбасылық саясатты, ана мен баланы қорғау, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін қарастырды.

Г.Әбдіқалықова Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының төрағасы Мұхаммед Тани ар-Румейсимен жүздесіп, тараптар елдеріміздің сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарының деңгейін одан әрі арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Мемлекеттік хатшы Қазақстан-Әмірліктер бизнес-саммиті барысында қол қойылған «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесі мен БАӘ Іскер әйелдер кеңесі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумда екіжақты іскерлік байланысты әртараптандыру, бизнес-миссиялар алмасу, түрлі іскерлік іс-шараларға қатысу жөніндегі бірлескен нақты қадамдар қарастырылғанын атап өтті.

Жұмыс сапарының соңында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова UN Women өкілдігінің директоры Моза әш-Шеххимен жүздесті. Кездесуде әйелдердің жағдайын жақсарту, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, гендерлік теңдікті ілгерілету мәселелері талқыланды.

Қазақстан делегациясы сондай-ақ Дубайдың «Ақыл-ой бірлігі арқылы - болашақты жасаймыз» атты ЕХРО-2020 халықаралық көрмесіне дайындығымен танысты.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар