17 шіл, 2019 сағат 21:00

«Ғұламалар кеңесінің» рөлі мен маңызы

Бірлік – исламның діни ілімінен құралатын исламдағы негізгі түсініктердің, жаппай принциптердің бірі болып табылады. Бірлік – Қасиетті Құран бойынша барлық дінге сенушілерді біртұтастыққа шақырушы, олар да осындай бірлікке талпынулары қажет. Сондықтан, исламда мазхабтардың, діни мектептер мен ағымдардың болуы мұсылман қауымын бөлудің негізі болып табылмайды. Олар тек ислам дінінде әр түрлі ойларды көздейді, бірақ, бір-біріне қарама-қайшы келмейді, сондықтан мұсылмандардың бірлігін бұзбайды.

Бірлік Құранға, Сүннетке және сенімге негізделеді, бұл ислам саңлақтарының негізін құрайды. Осыған байланысты, Қазақстанда әр түрлі исламдық ағымдар мен ұйымдардың өкілдерінің арасында конструктивті диалог орнатуға болады және бұл қарама-қайшылыққа әкеп соқтырмайды. Осындай диалогтың бастамашысы ҚМДБ бола алады. Бұл ҚМДБ-ның дінге сенушілердің әр түрлі қабаттарының арасындағы беделін арттырады, сондай-ақ тәрбие беруге және дәстүрлі емес исламның білікті өкілдерін заңды діни процесстерге тарту мүмкіндігіне қол жеткізеді.

Осы тұрғыда, мұндай диалог пен ынтымақтастықтың институтының қатарына Ғұламалар кеңесін жатқызуға болады. Оның негізгі міндеттері де исламдық діни ілімнің өзекті мәселелері бойынша бірыңғай ұстанымды қамтамасыз ету, әр түрлі мұсылмандық дәстүрлер арасында өзара қабысу жолдарын іздеу болып табылады. Ғұламалар кеңесі теориялық құжаттар әзірлеуде мұсылмандардың парасатты күштерін біріктіріп, орын алып отырған жағдайлар негізінде мұсылмандарға нақты әрі дұрыс баға беретін болады.

Тұтас алғанда, Ғұламалар кеңесінің жұмысына қатысуға білікті, конструктивті тұрғыда икемделген және құқықтық алаңда әрекет ететін, дінге сенушілер арасында беделге ие қайраткерлер, оның ішінде дәстүрлі емес исламдық ағымдардың өкілдері тартылуы қажет.

Ғұламалар кеңесі уағыз-насихат және интернетпен жұмыс бағыты бойынша жұмыс істейді. Оның ішінде Қазақстан аумағындағы ислам құндылықтарының кеңінен насихаттайтын, ҚМДБ-ның атынан тұрақты түрде жұмыс істейтін, діни білікті мамандардан құралған лекторлар тобының (АНТ) жұмысын дұрыс жүйелендіріп,  АНТ жұмысының тиімділігін арттыру және арнайы кесте бойынша еліміздің барлық облыстарында, аудандар мен ауылдарда жұмыс істеуді ұйымдастырады.

Қазіргі уақытта орыс тілінде уағыз – насихат жұмыстарын жүргізе алатын имамдардың тапшылығына орай ҚМДБ имамдар корпусы ішінен орыс тілін жақсы деңгейде меңгерген 20 имамды іріктеп алып, Ресей Федерациясында қайта білімдерін жетілдіру курстарында оқытуды ұйымдастырады. Сонымен бірге ҚМДБ мешіттерінде айтылатын уағыздарды бір жүйеге келтірумен, бір жыл ішінде айтылатын жұма уағыздарын қайта қарап, барлық мешіттерде бір уақытта бір жұма тақырыбы айтылатын деңгейге келтірумен, сонымен қатар, мешіт имамдарына тек қана жұма тақырыбын айтып қана қоймай, уағыздар жиынтығын дайындаумен айналысады.

ҚМДБ құрлымындағы «Ғұламалар кеңесінің»  маңыздылығын ескере отырып, кеңестің беделін арттыру бағытында кешенді жұмыстар ұйымдастыру жолға қойылған. Кеңес құрамына еліміздегі діни ортада беделді тұлғаларды енгізіп, Қазақстандағы мұсылман жамағатын ҚМДБ маңына топтастыру бағытына жұмыстар жасау, «Ғұламалар кеңесі» кеңейтілген отырысын жылына бір рет республика көлемінде өтізіп жыл бойы дін саласы бойынша елімізде жинақталған сұрақтарға жауап беріп,  мұсылман жамағатын қорғау немесе біріктіруші орган деңгейіне жеткізу, еліміздегі дін турал пікір білдіріп жүрген беделді тұлғаларды қосып «Ғұламалар кеңесін» өте беделді кеңесуші органға айналдыру негізгі мақсат болып отыр.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты интернет сайттардың жұмыстарын талдап, сапаларын арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізіп,  ішінен 5-6 сайтты таңдап алып, олардың деңгейлерін өте жоғарғы деңгейге жеткізуге, интернет арқылы дәстүрлі исламды түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуге жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта еліміздің тұрғындары үшін ақпараттың бірден – бір көзі телеарналар болғандықтан ҚМДБ респбликалық, облыстық телеарналарда «Иман айнасы» секілді бағдарламаларды ашуға бастамашы болып, бағдарламаны жүргізуге тікелей қатынасып дәстүрлі исламды халыққа жеткізуді жалғастыру керек.

Бүгінгі таңда ҚМДБ қызметкерлерінің қатысуымен шығып жүрген «Иман айнасы» (Қазақстан) және «Жұма уағызы» (Евразия арнасы) бағдарламалар сапасын арттыру қажет болатын болса, жазылу форматын өзгертіп, бағдарлама тақырыбын ашу үшін талқылу ортасына айналды.

Қазіргі уақыттағы ахуалды тақырыптарға (Қазақ халқының дәстүрі, Мұсылман – өз елінің патриоты, Шынайы мұсылман бейнесі т.б.) көрермен қызығып тез қабылдайтын бейнероликтер дайындау, Қазақстандағы барлық БАҚ қолдану үшін діни құндылықтарды, дәстүрлі исламды насихаттайтын әлеуметтік жарнамаларды дайындау, арнайы (үлкен қажылық, Сирия: адасушылық салдары) және танымдық фильмдер (имамның бір күні, тарихи тұлғалар, мұсылманның өмірі) түсіріп, халыққа көрсету арқылы шынайы ақпараттар беру, циклдық тақырыптық бағдарламалар (ақида, мазхаб, хадис т.б.) түсіріп дәстүрлі дініміздің дұрыстығын, ақиқат екендігін діни негізде түсіндіріп көпшілікке жеткізу арқылы көрермендердің діни сауаттылығын арттыру көзделіп отыр.

Еліміздің барлық елді-мекендерінде радиотолқыны ұстайтын «Қазақ радиосында» ҚМДБ басшылық етуімен жұмыс істейтін «Дін және қоғам» атты тұрақты бағдарламаны іске қосу қажет. Осы бағдарлама адамдар ең көп радио тыңдайтын уақытта нақты, 07.00 – 10.00 аралығында, кешке 17.00 – 23.00 аралығында болғаны жөн. Радиобағдарламаға жауап беретін арнайы маман алып, белгілі бір жүйе бойынша қоғамды толғандыратын діни сауалдарға мемлекеттік ұстанымдарға сәйкес жауаптар беріп, мемлекет және дін арасындағы келіспеушіліктерді болдырмау бағытында жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта интернеттің адамға ақпарат жеткізуші құрал ретінде бірінші орынға шыққандығы белгілі. Сонықтан интернет әлемінде де дәстүрлі исламды дұрыс түсіндіру жұмыстарын ҚМДБ қолға алу қажеттігі айдан анық. Осы мақсатта ҚМДБ қарасты сайттардың жұмыстарын талдап, сапасын арттыруға бағыттылған жұмыстар жүргізу қажет. Сонымен қатар, бүгінгі таңда интернет қолданушылар өз беттерімен түрлі дұрыс емес сайттардан ақпарат алып, радикалдануда. Осы үрдісті тоқтату үшін ҚМДБ бастамашылдық етуімен радикалданып кеткен интернет қолдануышыларды интернеттен анықтап, олармен интернетте түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, дәстүрлі ислам қолдаушысына ауыстырумен айналысатын арнайы мамандарды жұмысқа алып интернет – бөлме ашу ұйымдастырылды.

Ақпарат насихат жұмыстарын жүргізу барысында әйелдер – аналардың басында туындайтын мәселелерге аса көңіл бөлу қажет. Осы мақсатта діни басқарма барлық шараларында әйелдерге қатысты дұрыс түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады. Нақты, діни оқу орындарындағы қыздарға, мешіттердегі әйелдер жамағатына, сауат ашу курстарында оқитын қыздарға, ешкімнің көңілдері бөлінбей қалған радикалды әйелдер жамағаттарына, жұмыссыз немесе әлеуметтік аз қорғалған әйелдер арасында түсіндіру жұмыстарын белсенді ұйымдастыру қажет.

Аталған жұмыстарды жүргізу үшін ҚМДБ жанынан білікті әйелдерден құралған ақпараттық насихат тобын құрып, жоғарыда көрсетілген әйелдер тобымен кездесулер ұйымдастырылып, осы шаралар барысында дәстүрлі ислам ұстанымдарын жеткізу арқылы еліміздегі әйелдер ортасын түзету қажет.

Имамдарға жалпы жамағатпен ғана түсінік уағыз-насихат жұмыстарын жүргізіп ғана емес, жеке-жеке жамағат мүшелерімен, әсіресе теріс діни ағымдарда жүрген тұлғалармен мешіттерде байланысқа түсіп, оларды райынан қайтаруға бағытталған жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізу практикаға енгізілді.

Орыс тілінде дәстүрлі исламды насихаттайтын діни әдебиеттердің жеткілікті деңгейде болмауы салдарынан өзге тілде сөйлейтін азаматтардың көпшілігі теріс діни ағым қолдаушыларына айналып отыр. Осы жағдайды болдырмау үшін әлі де болса әдебиеттерді орыс тіліне аудару қажеттігі туындап отыр.

ҚМДБ филалдары өздерінің күнделікті жұмыстарын ұйымдастыру барысында жергілікті атқарушы билікпен тығыз қарым – қатынас орнатып, жұмыс барысында туындаған мәселелерді бірлесе шешіп отыру қажет. Осы мақсатта атқарушы билік бастамашы болып табылатын Діни бірлестіктермен байланыс Кеңесі мүшесі ретінде белсенді қатысып, мәселерді анық айтып шешу жолдарын ұсынып отырады. ҚМДБ-на тиеселі мешіттер және мешіт аулаларында, рұқсатсыз шет елдік миссионерлердің іс-әрекеттерін болдырмау, рұқсат етілмеген діни кітаптардың сатылмауын қамтамасыз ету, Діни басқарма уағыз насихат жұмыстарын жастар арасында белсенді жүргізу, кездесулер соңында міндетті түрде арнайы дайындалған брошюралар немесе өзге дұрыс исламды түсіндіретін материалдарды үйлестіріп отыру негізгі жұмыстардың біріне айналды.

ҚМДБ осыған дейін уағыз – насихат жұмыстарын жүргізу барысында көпшілігінде жалпы жамағатпен жұмыс істеу, нақты мешітте жамағатпен намаз оқу, жамағатпен діни мейрамдарды атап өту негізгі шаралар болса, одан кейін жеке адамдармен жұмыс ең алдымен теріс дәстүрлі емес діни ағымдарға түсіп кеткен адамдармен жеке сұхбаттар жүргізу басты назарға алынатын болды. Қазіргі уақытта еліміздегі қылмыстық атқару жүйелерінде жазаларын өтеп отырған сотталғандар арасында олардың одан әрі радикалдануының алдын алу мақсатында ҚМДБ қызметкерлері белсенді алдын алу және түсінік жұмыстарын белсенді жүргізіп, шет елдерге діни білім алу мақсатында шығып кетіп жатырған азаматтардың санын азайту мақсатында тұрақты түрде ҚМДБ тарапынан еліміздің діни оқу орындарында оқу қажет екендігін айтып насихат жұмыстарын жүргізу қажеттігі туындады.

ҚМДБ-ның мемлекеттік органдармен байланысын арттыру, осы мақсатта ҚМДБ мен ҚР ДІА арасында қол қойылған әріптестік келісім аясында жұмыстарды белсендендіру жұмыстары жүрді. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар жолға қойылып, халықтың сауасты едәуір артып келеді.

 

(Материал ҚМДБ-ның мақұлдауымен жарияланды) 

 

 

Ағабек Қонарбайұлы,

ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы