05 мам, 2018 сағат 11:55

Головкиннің жекпе-жегін Qazaqstan телеарнасынан көрсетеді

6 мамыр күні өтетін Геннадий Головкиннің кезекті жекпе-жегін қазақстандықтар «Qazaqstan» телеарнасынан тамашалай алады. Бұл туралы «Қазақстан» ТРК басқармасының төрағасы Ерлан Қарин Фэйсбуктағы парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Генадий Головкиннің жекпе-жегін трансляциялау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді! Біздің жанкүйерлер ертең, 6 мамыр күні, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан Головкиннің жекпе-жегін көре алады. Жекпе-жектің басталуы сағат 07:00-де. Ал, жекпе-жектің алдында сағат 06:30-да студияға Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев келіп, комментаторлармен бірге алдыңғы жекпе-жек туралы ойларымен бөлісіп және алдағы жекпе-жекке байланысты болжам жасайтын болады. Ал, трансляциядан кейін, Головкиннің жекпе-жегі туралы сараптамалық бағдарлама шығатын болады», - деп жазды Ерлан Қарин.