#
#
Cәрсенбі 21/08/2019

Головкиннің жаңа бапкері: Біз дұрыс бағытта келеміз

  • 10.06.2019
  • 0
  • 518

Геннадий Головкиннің жаңа бапкері Джонатон Бэнкс GGG командасының дұрыс бағытта келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды realcombatmedia.com сайты.

Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» аренасында өткен Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллс арасындағы жекпе-жектен соң GGG  жаңа бапкері Джонатон Бэнкс пікір білдірді. Оның айтуынша, Головкин аз ғана уақыттың ішінде өзін бабында екенін көрсетті.

«Жекпе-жекті нокаутпен аяқтаған жақсы. Маған шәкіртімнің рингтегі іс-қимылдары ұнады. Аз ғана уақыт ішіндегі жұмыстың нәтижесін көрсете білдік. Алда бұдан да жақсы көрсеткіштерге қол жеткіземіз. Біз дұрыс бағытта келе жатырмыз», - деді ол.

CompuBox статистикасына сүйенсек, төрт раундта Роллс өзіне бағытталған 223 соққының 62-ін өткізіп алған. Тиісінше, 175 соққысының 38-і дәл тиген.

Еске салайық, 9 маусым күні Нью-Йоркте Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты нокаутпен жеңді.

Бокс кешінің андеркартында тағы екі қазақстандық өнер көрсетті. Бұған дейін жеңіліп көрмеген Әли Ахмедов өз мықтылығын тағы дәлелдеді. Ол тәжірибелі америкалық Маркус МакДэниэлді техникалық нокаутпен жеңіп, WBC International титулын жеңіп алды.

Ал 32 жастағы ақтөбелік боксшы Бақтияр Эюбов (14-0-1, 12 КО) америкалық Брайан Себальоға (8-0, 4 КО) есе жіберіп қойды.  

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар