05 қар, 2019 сағат 11:18

Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін жер мен күні белгілі болды

Орта салмақ санатында бұрынғы Еуропа чемпионы, польшалық Камил Шереметаның промоутері Анджей Василевский орта салмақтағы IBF чемпионы Геннадий Головкинмен айқасуға дайын екенін білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

5 қазан күні Шеремета Нью-Йоркте болған Головкин–Деревянченко бокс кешінің андеркардында кездесу өткізіп, мексикалық Оскар Кортесті екінші раундта нокаутпен жеңген еді.

«Біз дайынбыз, Камил Шеремета - тәкаппар спортшы. Ол GGG сияқты бокс аңызымен жекпе-жек өткізуді армандайды. Бұл әрі оның мақсаты», - деді Василевский The Ring-ке берген сұхбатында.

Промоутердің айтуынша, жекпе-жекті 8 немесе 29 ақпанда, қалың поляк диаспорасы отырған Чикагоның Wintrust Arena-сында ұйымдастыруға болады.