09 қаң, 2019 сағат 12:19

Головкин жылдың үздік 10 боксшысының тізімінен тыс қалды

Ресейдің «Советский спорт» басылымы 2018 жылдың үздік он боксшысының тізімін жариялады. Орта салмақтың лидерлері - қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес тізімнен тыс қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жылдың үздік боксшыларын атамас бұрын, осы тізімге кірмей қалғандар туралы айтсақ. Оның ішінде Сауль Альварес пен Геннадий Головкин бар. Мексикалық Головкинді «жеңе алмай», артынша осал қарсыласпен айқас өткізгендіктен осы тізімге енген жоқ. Ал Головкин Альварестен жеңілгені болмаса, биыл балақай Ванес Мартиросянды жеңуімен ғана көзге түсті», - деп жазды басылым.

«Советский спорт» ұсынған ТОП-10:

1. Александр Усик (Украина)

2. Джош Уоррингтон (Ұлыбритания)

3. Майки Гарсия (АҚШ)

4. Василий Ломаченко (Украина)

5. Диллиан Уайт (Ұлыбритания)

6. Энтони Джошуа (Ұлыбритания)

7. Дэниэл Джейкобс (АҚШ)

8. Каллум Смит (Ұлыбритания)

9. Срисакет Сор Рунгвисаи (Таиланд)

10. Дмитрий Бивол (Ресей).