01 мау, 2018 сағат 15:44

Головкин желтоқсанда кіммен жұдырықтасады?

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 2018 жылы үш жекпе-жек өткізбек, деп хабарлады sputniknews.kz prosports.kz порталына сілтеме жасап.

Ол 5 мамырда GGG америкалық Ванес Мартиросянмен жұдырықтасып, жеңіске жеткен болатын. Ал қыркүйекте Геннадий мексикалық Сауль Алвьареспен кездеседі деп күтілген. Алайда қос тарап келісе алмай жатыр.

Үшінші жекпе-жек желтоқсанға жоспарланған. Бұл кездесуде Головкин WBA чемпионы жапониялық Риота Муратамен жұдырықтасуы ықтимал. Бұл туралы Головкиннің просоутері Том Леффлер мәлім етті.

Оның айтуынша, жапониялық боксшының өзі де, командасы да жыл соңында осы жекпе-жекті ұйымдастыруға келісіп отыр екен.