17 мау, 2018 сағат 10:15

Головкин жекпе-жегін Ресейде өткізуі мүмкін

Ресей бокс федерациясының бас хатшысы Умар Кремлев қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жегін ұйымдастыру туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

"Біз өз елімізде Геннадий Головкиннің жекпе-жегін өткізгенді қалаймыз. Ресей салмақты кәсіпқой және олимпиада жекпе-жектерінің орталық алаңына айналғанын қалаймыз.

Біз Головкинмен бұл мүмкіндік туралы ауызша сөйлестік. Ұсыныстарды талқыға алуға болады", - дейді Умар.