20 шіл, 2018 сағат 08:07

Головкин: Сен мәңгі біздің жадымыздасың

WBA (Super), WBC және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қазасына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Головкин өзінің инстграм парақшасында Дениспен бірге түскен суретін жариялап қысқа ғана: «Сен мәңгі біздің жадымыздасың... » , - деп жазды.

Айта кетейік, белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен пышақтан алған жарақатымен ауруханаға 19 шілде күні түс кезінде жеткізілді.

Алматы қалалық ІІД-нің мәліметтері бойынша, белгісіз біреулер спортшының көлігінің айнасын ұрламақ болған.

Оқиғаның үстінен түскен спортшыны ұрылар жамбасынан жарақаттаған.

Спортшы 3 литр қан жоғалтқан. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалады.

Кешірек ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Ернар Әкімқұлов спортшының қаза болғандығын жариялады.

Бүгін ҚР Ішкі істер министрлігі Денис Теннің өліміне күдіктілердің бірінің ұсталғанын жария етті.

Сондай-ақ прокуратура өкілдері ұсталған күдіктінің қылмыс жасағанын мойындағанын жариялады.