21 мам, 2019 сағат 12:03

Головкин - Роллс айқасын Қазақстанда қай уақытта көруге болады?

 

8 маусым күні кешкісін (Қазақстан уақытымен 9 маусымның таңында) Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында орта салмақтағы бұрынғы WBC/WBA/IBF чемпионы Геннадий Головкин канадалық Стив Роллспен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Британияның The Sun басылымының хабарлауынша, басты оқиға жергілікті уақытпен таңғы 4 шамасында өтеді. Осыған қарап, Головкин-Роллс жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақытымен 9 маусым, жексенбі күні шамамен 09:00-де басталмақ. Ал, осы жекпе-жектің андеркардындағы кездесулер алты сағат бұрын басталады.

Алдағы жекпе-жек Головкин үшін екі тұрғыда дебют болмақ: онда Головкиннің жаңа бапкері Джонатон Бэнкстың жұмысына баға беру мүмкіндігі туындайды әрі боксшының DAZN стриминг сервисімен үш жылға жасалған келісімшарты аясындағы алғашқы жекпе-жегі болады.