08 қыр, 2018 сағат 08:44

Головкин өз есімі жазылған брендпен жаңа өнімді таныстырды

WBC/WBA/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жақын уақытта сатылымға GGG брендімен жаңа өнім түсетінін айтты, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

«#GGG-дің жаңа өнімі дайын және таяу уақытта сатылымға түседі», - деп жазды боксшы Инстаграмдағы парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Jordan бренді Nike компаниясымен бірлесіп, мексикалық боксшы Сауль Альвареспен рематчы алдында Геннадийдің есімі жазылған жаңа атрибутиканы шығарған болатын. Олар: «GGG» және «GGG No Draw» («Тең ойын болмайды») жазуларымен алдында сырмасы бар жемпір, бейсболка және екі ақ жейде.

Головкин мен «Канелоның» екінші айқасы алдағы 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді. Айқасты отандық екі телеарна тікелей эфирден көрсетеді.