#
#
Жұма 15/12/2017

Головкин өз атындағы спорт кешенін ашу үшін Майқұдыққа келді (Фото, Видео)

  • 07.06.2017
  • 0
  • 4019

Қарағанды облысында Геннадий Головкин атындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешені ашылды. Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) кешеннің ашылу салтанатына қатысты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Салтанатты шара барысында жас спортшылар өздерінің бірінші жаттығуын кешеннің түрлі залдарында атақты спорт шеберлерімен бірге өткізді: Николай Цой, Ни­колай Снегуров, Елена Котова, Дастан Аяпб­ек, Василий Черников.

Жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені Майқұдықтағы Белинский көшесінің бойында бой көтерді. Нысанның құрылысы 2014 жылы басталды. Ғимараттың жалпы ауданы - 2384,3 шаршы метр.   


Спорт кешені үш қабатты, екінші қабатта 100 көрерменге арналған әмбебап мінбер салынған. Сонымен қатар, 4 жолағы бар бассейн де салынған. 

Үшінші қабатта 15 адамға арналған киім ауыстыру бөлмесі, душ, бапкерлер бөлмесі, бокспен шұғылдану залы бар. 

Осы спорт кешенінде бокстан, ойын түрлерінен, ауыр атлетика және жүзуден жаттығулар тегін жүргізіледі. 


0 пікір

Пікір қалдыру

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар