30 қар, 2018 сағат 10:27

Головкин Мессимен бірге әлемдегі алғашқы блокчейн смартфонның тұсауын кесті

Аргентина құрамасының капитаны әрі Испанияның «Барселона» командасының шабуылшысы Лионель Месси қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен суретке түсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпаратSports.kz-ке сілтеме жасап.

Спорт жұлдыздары Испанияның Барселона қаласында Швейцарияның SIRIN Labs компаниясы жасаған Finney атты әлемдегі алғашқы блокчейн смартфонның таныстырылымына қатысты. Жабық форматтағы шараның фотосуреттерінің бірінде Месси GGG-мен бірге қазақстандық бизнесмендердің ортасында тұр. Суретті қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышев Туиттердегі парақшасында жариялады.

Айта кетейік, Геннадий Головкин келер жылдың көктемінде рингке оралмақ. Бірақ әзірге қарсыласы белгілі емес.