01 қаз, 2018 сағат 09:08

Головкин "Канелоны" реваншқа шақырды – WBC

Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сүлейман мексикалық спортшы Сауль «Канело» Альварес пен Геннадий Головкиннің арасындағы үшінші кездесуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

«Канело» міндетті түрде қорғануы мүмкін, дегенмен оны ерікті түрде орындауы да ықтимал. Алайда біз Головкиннің реванш сұрағанын білеміз. Әзірге бұл жекпе-жек нақты болатыны туралы шешілген жоқ, бірақ ол өткізгісі келетінін айтты», - деді Киевті осы күндері өтіп жатқан WBC Конвенциясында Сүлейман.

WBC сериясы бойынша Альварестің келесі міндетті қарсыласы – Джермалл Чарло. Ал «Канело» 15 желтоқсанда рингке шығып, орта салмақтағы экс-чемпион Давид Лемьемен жұдырықтасуы мүмкін.

Головкин осы жылдағы жекпе-жегін «Канеломен» өткізді. Енді GGG 2019 жылдың көктемінде рингке шығуы ықтимал.

Еске сала кетсек, GGG мен «Канелоның» алғашқы жекпе-жегі 2017 жылы өтіп, теңбе-тең есебімен аяқталған. Бір жыл өткеннен кейін өткен екінші жекпе-жекте мексикалық боксшы жеңіске жеткен.