#
#
Дүйсенбі 21/05/2018

Головкин "Канелоны" мазақ етті

  • 10.05.2018
  • 0
  • 2533

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин америкалық боксшы Ванес Мартиросянның жұдырықтасуына ризалығын білдірді. Бұл туралы боксшының промоутері Том Леффлер айтып берді. 

"Әлі ештеңеге қол қойылған жоқ ("Канеломен" қарымта бойынша), қалай болатынын көре жатармыз. Геннадий нокауттар легін жалғастырды. Қатарынан 23 нокауты тіркелді. Головкин Ванестің екі раундта "Канелоның" 12 раундынан артық жұдырықтасқанын айтты. Жекпе-жекке келу мен табыс бойынша StubHub рекордына жеттік", - дейді Леффлер Villainfy Media арнасына берген сұхбатында. 

Мұның алдында Мартиросян алдындағылардың ("Канело" және Джейкобс) өзіне қарағанда жеңіске ұмтылмай, аман қалуды ғана ойлағандықтан толық 12 раунд жұдырықтасқанын айтқан еді.

Қазақстандық америкалық боксшыны екінші раундта нокаутқа түсірген еді.  Еске салайық, Ванес 5 мамырда Лас-Вегаста Головкинмен қарымта кездесу өткізуі тиіс болған "Канелоның" орнына жұдырықтасты. Бірақ мексикалық допинг-тесттен өте алмады да, бокстан шеттетілді. 

kaz.tengrinews.kz

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар