20 мам, 2019 сағат 09:31

Головкин «Канеломен» үшінші айқас туралы жаңа мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин No Puedes Jugar Boxeo Youtube-каналына берген сұхбатында мексикалық Сауль Альвареспен үшінші айқас туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

- Олар үшінші айқасты өткізу үшін белбеу керек деп жатыр. Бұл туралы не ойлайсың?

- Біріншіден, мен бүтін жанкүйер секілді үшінші айқас өткізіп, осы уақытта, яки біздің заманымызда бокс мансабының биік шыңына шыққым келеді... Маған айқас өткізу үшін белбеу керек деп жатқан болса, бұл жөнсіздік дер едім... Дегенмен, байқап көреміз, осы бойынша жұмыс істейміз.

Еске салайық, Головкин  мен «Канело» бірінші айқасы даулы тең нәтижемен аяқталса, екінші жекпе-жекте төрешілердің басым дауысымен «Канело» жеңіске жеткен болатын.