06 қыр, 2018 сағат 13:11

Головкин «Канеломен» айқастың Қазақстан үшін қаншалықты маңызды екенін айтты

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен рематчтың өз отаны үшін қаншалықты маңызды екеніне баға берді, деп хабарлайды inform.kz агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

«Бұл айқас Қазақстан және қазақстандық жанкүйерлер үшін өте-өте маңызды. Себебі, қазір біз - чемпионбыз. Біз дұрыс жақтамыз. Біз өз намысымыз бен титулымызды қорғайтын боламыз. Бұл мен үшін маңызды жекпе-жек. Мен мұның мирас екенін түсінемін», - деді Генннадий Головкин.

Головкин мен «Канелоның» бірінші айқасы 2017 жылы 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, даулы тең нәтижемен аяқталды. Рематч 15 қыркүйекте сол жерде өтеді.