29 қар, 2016 сағат 08:43

Головкин екінші орта салмаққа көтерілуі мүмкін - Леффлер

-  Los Angeles Times-ке промоутер Том Леффлер хабарлағандай,   Геннадий Головкин  мен Дэниэль Джейкобс арасындағы келіссөз  оң бағытта жылжып жатқанын,  тараптар желтоқсанның басында келісімге қол жеткізуі мүмкін екендігін айтты, деп хабарлады Sports.kz.

Леффлер осы аптада  Джейкобстың менеджері Эл  Хэймономен жекпе-жек мәселесін талқылауды жалғастыруды жоспарлауда.  К2 Promotions атқарушы директоры келіссөз жайлы айтудан бас тартқанына қарамастан,   жекпе-жек 18 наурызда  «Мэдисон Сквер Гарденде» өтетіні және   НВО арнасында көрсетілетіні белгілі болды.

Бұдан басқа, Том Геннадий мексикалық Хильберто Рамиреспен кездесу үшін екінші орта салмаққа көтерілуі мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ олар Джеймс Дигейл мен Барду Джек арасындағы айқастың жеңімпазымен жұдырықтасуды қарастырмақ.