#
#
Бейсенбі 24/10/2019

Головкин Деревянченкомен айқасқа қалай дайындалып жатқанын көрсетті

  • 13.09.2019
  • 0
  • 532

Қазақстандық кәсіпқой бокшсы Геннадий Головкиннің украиналық Сергей Деревянченкомен кездесуі алдындағы жаттығуының видеосы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

GGG спортзалдағы жаттығуын Twitter-парақшасында жариялады. Видеоға боксшы «23 күн» деген жазба қалдырды.

Еске сала кетсек, Головкин-Деревянченко жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йорктегі (АҚШ) «Madison Square Garden» аренасында өтеді. Боксшылар IBF нұсқасы бойынша бос тұрған орта салмақтағы әлем чемпионы титулына таласатын болады. Ол бұған дейін мексикалық боксшы Сауль Альвареске тиесілі болған еді. Сондай-ақ өткен жылы IBF белбеуі Головкиннің өзіне де тиесілі болған, алайда боксшы Деревянченкоға қарсы міндетті айқастан бас тартқаны үшін титулдан айырылып қалды.

Қос қарсылас бұған дейін алғаш рет бетпе-бет кездесіп, көз арбасқан еді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар