11 қыр, 2016 сағат 01:32

Головкин Брукті бесінші раундта нокаутпен жеңді

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин жартылай орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брукті раундта нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкинның командасы қазақстандық чемпионның жекпе-жекке дайын екендігін көрсетіп, желідегі ресми парақшасында көк байрақ пен шапанының суретін жариялады.

Айта кетейік, Головкин - Брук кездесуі 10 қыркүйекте Лондонда 20 мың орындық О2 аренасында өтті. Жекпе-жекті Қазақстан және Kazsport арналары тікелей эфирден көрсетті. Көрсетілім Астана уақытымен 23:00-де басталды. Головкин мен Брук кездесуге бір күн қалғанда салмақ өлшеу рәсімін өткізен болатын. Осы жекпе-жекте Головкин де, Брук те рекордтық гонорарды - үш миллион фунт стерлинг (төрт миллион доллар) иеленеді. 

Осыған дейін, Желіде қазақстандық Геннадий Головкин мен ұлыбританиялық Келл Бруктың жекпе-жек алдындағы соңғы баспасөз конференциясында көз арбасқан видеосы пайда болған. Айта кетейік, кездесу 8 қырқүйекте Лондонда өтті. Кездесудің басқада мәліметтерінмына жерден көре аласыз.

kaz.tengrinews.kz