11 қыр, 2016 сағат 13:24

Головкин – Брук жекпе-жегінің толық видеосы

Бүгін Лондондағы 20 мыңдық O2 аренасында WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин британдық Келл Брукты бесінші раундта техникалық нокаутпен ұтып, өз атағын қорғап қалды.

Айта кетейік, жерлесіміз осы жеңісі үшін 3 миллион фунт стерлинг (4 миллион доллар) гонорар алды. Сол секілді Брукте дәл осындай табысқа кенеледі. Бұл рекордтық сома. Бұған дейін Головкин ең көп табысын Доминик Уэйд пен Давид Лемьеге қарсы өткізген жекпе-жектерінде алған. Ол кезде гонорар көлемі – 2 миллион доллар болған еді.

Ұлт порталы