#
#
Бейсенбі 13/12/2018

Головкиннің алғашқы жеңілісі (видео)

  • 16.09.2018
  • 0
  • 1759

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареспен жұбырықтасып, ұпай айырмашылығымен жеңіліс тапты.

Лас-Вегастың T-Mobile спорт кешенінде өткен жекпе-жек қарқынды басталды. Екі боксшы да алма кезек жұдырық алмасып, бір-бірінің осал тұсын аңдып бақты. Қос боксшы да жойқын соққылар жұмсап, өз басымдығын көрсетуге тырысты. Боксшылар рингтің орта тұсында өнер көрсетіп, ашық айқасқа түсті. Екеуі де 12 раундқа дейін жеңіске бастар жолды іздеп, ауыр соққылар алмасты. Алайда, бұл жекпе-жекте нокаут тіркелмеді. Нәтижесінде төрешілер шешімімен, Сауль "Канело" Альварес жеңіске жетті.

Осылайша, орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпиондық атақты Сауль Канело Альварес иеленді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар