13 мау, 2018 сағат 09:11

Головкин әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысу үшін Мәскеуге барды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Ресейде өткізілетін 2018 жылғы футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысады. Бұл туралы боксшының промоутері Том Леффлер ESPN басылымына берген сұхбатында айтты.

Оның сөзінше, Головкинді Мәскеуге демеушілерінің бірі шақырған. Ол қонақ ретінде мундиальдың ашылу салтанатына қатысады. Мундиальдің ашылу салтанаты Мәскеудегі "Лужники" стадионында 14 мамырда Астана уақытымен сағат 20:30-да басталады. Жарты сағаттан кейін Ресей мен Сауд Арабиясы құрамаларының ойыны өтеді.

Мұның алдында Геннадий Головкин ұлымен бірге 2018 жылғы Стэнли кубогы үшін "Вашингтон Кэпиталз" мен "Вегас Голден Найтс" арасындағы шешуші ойынын тамашалаған болатын.