08 сәу, 2021 сағат 07:34

Головкин 39 жасқа толды

Бүгін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 39 жасқа толды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін, 8 сәуірде Қазақстанның ең табысты боксшысы және IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулының иегері Геннадий Головкиннің туған күні. GGG 39 жасқа толды.

Головкин үздік боксшылар рейтингінде 22-орында, сондай-ақ BoxRec нұсқасы бойынша спорт тарихындағы үздік Азия боксшылары рейтингінде екінші орында тұр. Ол 5 жұлдызды BoxRec бағалаған алты кәсіби жекпе-жекті жеңген.

GGG Гиннестің рекордтар кітабына орта салмақ тарихындағы нокаут бойынша пайыз көрсеткіші ең жоғары боксшы ретінде енген. 

Айта кетейік, кәсіпқой карьерасында 43 жекпе-жек өткізген қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 41-ін жеңіп, оның ішінде 36-сын мерзімінен бұрын аяқтаған. Соңғы жылдары ол Ванес Мартиросян, Стив Роллс, ал кейінгі жекпе-жекте Камил Шереметаны жеңген. 

Еске салайық, Головкин кейінгі жекпе-жегін 2020 жылдың желтоқсанында АҚШ-та өткізіп, поляк Камил Шереметаны нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атағын 21-рет қорғап қалған еді, бұл - рекорд көрсеткіш.  

Головкин келесі жекпе-жегін мамырда өткізуі мүмкін, оның қарсыласы мексикалық Хайме Мунгия немесе жапониялық Риота Мурата болуы мүмкін екені айтылады.