24 қаз, 2016 сағат 09:52

GGG іске көшеді, не боксты кебіндеп, жер қойнына тапсырамыз – Рой Джонс

Бокстың күні бітуге жақын. Алайда, оны құтқарып қалу қазақстандық Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) қолында. Мұндай пікірді төрт бірдей салмақ дәрежесінде әлемнің экс-чемпионы америкалық боксшы Рой Джонс (64-9, 46 КО) айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" BNews.kz порталына сілтеме жасап.

«Головкин мексикалық Сауль Альвареспен (48-1-1, 34 КО) жекпе-жек өткізуге қалай да қол жеткізуі тиіс. Себебі, қазір орта салмақта одан өзге мықты боксшы қалмады. Оған әзірге ең лайықты қарсылас – Канело ғана. Немесе келесі салмаққа ауысып, қарсыласты сол жақтан іздеуі керек.

Қазір бокс әлемі құрдымға кетіп барады. Сондықтан, боксты құтқарудың жалғыз жолы – GGG-дің қолында, яғни, Головкин мен Альварес жекпе-жегін ұйымдастыру. Қазақстандық боксшы мұны өз қолына алмаса, боксты кебіндеп, жер қойнына тапсыра беруге болады», - дейді Рой Джонс.

Айта кетейік, өткен аптада Рой Джонс пен Геннадий Головкин Мехикода кездескен болатын. Ол осы кездесуде отандасымызды аты аңызға айналған боксшылар тізіміне қосты.