#
#
Сейсенбі 02/06/2020
12:45 21 миллионға үй алған. Зерттеу Әзербайжан экс-қауіпсіздік министрінің Лондондағы байлығын әшкереледі 12:22 Дархан Қыдырәлі: Қоғамда баланың психологиясын жемқорлыққа жетелейтін жағдайлар бар 12:10 Шымкентте жаппай төбелес кезінде таяқ жеп, комаға күскен жасөспірім көз жұмды 12:04 Қазақстанда халықаралық рейстер кезең-кезеңімен ашылады: Рұқсат берілген мемлекеттер тізімі 11:53 Алматыда құдыққа түсіп, уланып қалған «Алматы су» қызметкерлерінің жағдайы ауыр 11:42 Ақтөбе хром қосындылары зауытындағы 4 жұмысшының өліміне қатысты істің мән-жайы белгілі болды 11:24 Мамин жұмыспен қамту бағдарламасы жайында: Бұл - әкімдіктердің жұмысының кемшілігі 11:01 Мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындары 90 мыңнан 211 мыңға артты - Ералы Тоғжанов 10:58 Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды 10:45 «Еңбек» бағдарламасы аясында 184 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты

Германияда вирус жұқтырған қазақстандық ауруханадан шықты

  • 24.03.2020
  • 0
  • 235

Германияда вирус жұқтырған Қазақстан азаматының жағдайы жақсарып, ауруханадан шыққан. Қазір ол карантинде, неміс дәрігерлерінің бақылауында. Ал Венгрияда вирус жұқтырған қазақстандықтың жағдайы бірқалыпты. Бұл туралы 24 наурызда Қазақстан ақпарат және қоғамдық келісім министрі Дәурен Абаев брифингте хабарлады.

Бұдан бөлек, Абаев Қазақстанда дертке шалдыққан 68 адамның 29-ы вирусты шетелден жұқтырып келгенін, 26 адам ұшақта, 13 адам Қазақстанда жұқтырғанын айтты.

Министрдің сөзінше, Қазақстанда вирус табылған адамдардың 80 пайызында симптом жоқ не сәл қызуы көтерілген. 

Қазір Covid-19 дертімен Алматыда - 29 адам, Нұр-Сұлтанда - 35 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында 1 адам емделіп жатыр. Нұр-Сұлтанда бір науқас жасанды аппаратқа қосылған.

Айта кетейік, 16 наурызда коронавирусқа байланысты Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланған болатын. Ал 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин енгізілді. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар