#
#
Бейсенбі 12/12/2019

Германияда Штази музейіне ұры түсті

  • 02.12.2019
  • 0
  • 130

Берлинде бұрынғы коммунистік Шығыс Германияның қауіпсіздік қызметі - Штази тарихы туралы музейді белгісіз біреулер тонап кеткен. Бұдан бірнеше күн бұрын Дрездендегі музейге түскен ұрылар ондағы бағалы зергерлік бұйымдарды алып кеткен еді.

Берлин полициясының хабарлауынша, Штази музейіне ұрылар 30 қараша күні кешке немесе түн мезгілінде түскен. "Олар әйнекті сындырып, музейде тұрған медальдар мен бағалы заттарды алып кеткен" дейді полиция. Ұры түскенін 1 желтоқсанда таңертең бір-ақ білген музей қызметкерлері полицияға хабарлаған.

25 қарашада Дрездендегі бұрынғы Саксония билеушілерінің сарайындағы электр желісін ішінара ағытып тастаған ұрылар музейден 18 ғасырдың бағалы заттарын алып кеткен. Қолды болған құнды жәдігерлер арасында Саксония королі Августың әйгілі 49 каратты гауһар тасы да бар.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар