01 там, 2017 сағат 18:07

Геннадий Головкин: No stopping me (Видео)

YouTube желісінде қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге арналған кезекті бейнебаян жарияланды, деп xабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Осы жолғы ролик «No stopping me» деп аталады. Онда GGG-дің бапкері Абель Санчес өз шәкірті және оның дайындығы төңірегінде ой қозғайды. Бұдан бөлек, Геннадий Головкиннің далада жасап жүрген жаттығуларының жаңа кадрлары жарияланып отыр.

Айта кетейік, 16 қыркүйекте Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альвареспен жұдырықтасады. Осы жекпе-жекте Альварес GGG-дің тек екі атағы - WBA мен IBF белбеуі үшін ғана таласады. Головкин ұтылып қалса, оның тағы екі белбеуі - WBC мен IBO бос қалып, оны басқа боксшылар өзара сарапқа салады. Ал қазақстандық боксшы жеңіске жетсе, төрт белбеуіне тағы The Ring журналының арнайы белбеуін қосып алады. Аталған басылым оны арнайы Альварес үшін шығарған болатын. Уақыт айырмашылығына байланысты Қазақстанда жекпе-жекті тікелей көрсетілімі 17 қыркүйекте таңертең болады.