15 ақп, 2017 сағат 07:49

Ғасыр басында әйгілі болған «Nokia 3310» телефондары қайта шыға бастайды

Nokia брендімен құрылғы шығару құқы бар финляндиялық HMD Global компаниясы ақпанда Nokia 3310 телефонының жаңа нұсқасын шығарады, - деп хабарлайды The Independent.

Жаңа нұсқаның бағасы 59 еуро болатын көрінеді. Телефон осы модельді "сағынғандарға қосалқы құрылғы ретінде" шығып отыр екен.

"Сатылымға 2000 жылы шыққан телефон қуаттаусыз көп уақыт бойы қызмет көрсететін болады және зақымданбайтын корпусымен шығады. Бұл құрылғы заманауи ұялы телефондарының бастауы болған", - деп жазады басылым. 

Газеттің мәліметінше, телефон Барселонада 27 ақпан мен 2 наурыз аралығында өтетін Mobile World Congress кезінде таныстырылады деп күтіледі. Сонымен қатар, HMD Nokia аппаратының 3, 5 және 6-шы модельдерін таныстырады.