22 ақп, 2020 сағат 13:13

«Гарант 24 Ломбард» Тараз бөлімшесінің директоры ұсталды

21 ақпан күні Жамбыл облыстық полиция департаментіне «Гарант 24 Ломбард» ЖШС салымшылары арызданды. Олар ақшасы мен дүние-мүлкін салып, алданып қалғанын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алаяқтық және қаржылық пирамида құру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

«Гарант 24 Ломбард» ЖШС Тараз бөлімшесінің директоры ұсталды, жедел тергеу шарасы жүргізіліп жатыр.

Басқа деректер ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес, жариялауға жатпайды.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер саны мен мен шығын көлемі анықталып жатыр.