20 қыр, 2016 сағат 19:02

Ғалымжан Молданазар: Өзімді "Қазақстан эстрадасының" өкілімін деп санамаймын

Музыкант Ғалымжан Молданазар Власть басылымына сұхбат беріп, өзінің өмірі, көзқарасы, музыкасы жайлы әңгімеледі. Туған жері, туған тілі туралы да айтты. Төменде сұхбаттан үзінділер беріп отырмыз.

***

Өзімді Қазақстан эстрадасының өкілімін деп санамаймын. Не жасыратыны бар, біздің эстрада маған ұнамайды. Мәдениет, музыка, шығармашылық деген мұндай көзқарас ұнамайды. Фонограмма – деген ол қылмыс. Жұртты алдап, ақша алу… Біздің адамдар, көрермендер өздерін ұялмай, ашықтан-ашық алдап жатқанын білуі керек. Ал әртістер өздерінің жасап жүргенін қылмыс екенін түсінулері керек. Бұл енді… жылағың да, күлгің де келеді. Мен қылмыскер болғым келмейді.

***

Менен де мықтылар бар, бірақ әзірге олар ешкімге керек болмай жатыр. Мен баяғыдан ән шығарып келем, бірақ ол әндер керексіз болып Интернетте жатты. Сосын Ресейде біреулер «О, бір қазақ күшті синти-поп жасап жүр» деді. Сосын біздікілер «О! Біздің бала Еуропада бірдеңе ұтып алды» деді. Бірақ мен оған дейін де болғам негізі.

***

Ресейге бірнеше рет шақырды. Бірақ барғым келмеді. Өйткені, Алматыны өте қатты жақсы көрем. Бұл жерден ешқайда кеткім келмейді.

***

Ешқашан атаққа, көп ақша табуға қызыққан емеспін. Көбі «Сенің орныңда болсам, басқа жаққа кетіп қалар едім» дейді. Мен кеткім келмейді. Соңына дейін осында қалып, осы қалада made in Kazakhstan деуге тұрарлық бірдеңе жасасам деймін.

***

Қазақ тілі ол - мен үшін дүниеге алғаш келгенде естіген дыбыстарым. Мен оны мектепті бітіргенше тыңдадым. Өйткені, біздің ауылда бір ғана орыс отбасы болды, олардың өзі орысша білмейтін.

***

Қайрат Нұртасты өз басым сыйлаймын. Оның өз аудиториясы бар. Тіпті сондай үлкен аудитория менде де болса деймін. Қайратты сүйіп тыңдайтын, тыңдап отырып жылайтын жақындарым бар. Ол шынымен де адамдарға бір сезімдер береді. Ол шынымен де адамдарды бір нәрселер туралы ойландырады.

***

Әкем қатал, әскери адам. Бірақ іштей еркін адам. «Білгеніңді істе. Ең бастысы, жұртты алдама» дейді.

***

Алты баланың кішісі болдым. Қазақта үйдің кішісі әке-шешесімен қалады. Бірақ кететінімді мектекте жүргенде-ақ білдім. Бірақ туған ауылымды қатты жақсы көрем. Жиі барам. Сағынғанда билет алам да кетіп қалам. Дегенмен… бала кезімде, қазір де ол жермен біртүрлі гармония таба алмаймын.

***

Ауылдың тәрбиесімен өстім. Сондықтан кей нәрселерді қабылдау маған қиын. Мысалы, баланың әке-шешесімен дауласқанын көргенде «Не болып барады өзі?» деп шошимын.

***

«Сен Американ музыкасын насихаттайсың. МузАРТ, Қайрат Нұртас – міне бұлар біздікі» деп ұрсады кейде. Мен түсіндіруге тырысам: «МузАРТ пен Қайрат Нұртас электронды гитарамен, синтезатормен айтады. Қазақ электронды гитара тартып па еді? Қалайша оны нағыз қазақ музыкасы деп айтасыз?».

***

Қазақша болсын дейтіндер тойларына Канье Уэст, Бейонсе, Дженнифер Лопестерді шақырады. Ол жерден домбыра, қобыз көрмейсіз.

***

«Неге домбыра тартпайсың?» деп те ұрсады. Бір ағамызға «Міне көшеде кездестік. Сіз неге мерседеспен келдіңіз, неге атпен келмедіңіз?» дедім.

***

Бірдеңе дұрыс болмай жатса, бәрін тастап қашуға болмайды. Әркім өз ісін адал атқарса, елді сыйласа, және адамдарды ақшасы үшін емес, адам болғаны үшін сыйласа, жақсырақ болады. Патриотизм деген осы.

***

Мұны істеп біреулер мырс етуілері мүмкін. Бірақ біз қатты болып кеттік. Достарымыздың өзіне сенбейміз. Адам болудан қала бастағандаймыз.

***

Майкл Джексон нағыз король. Оны сынап жатса, өз басым біртүрлі бола бастаймын.

***

Тойларда ән айтпайтын себебім, тойдың шырқын бұзғым келмейді. «Кейде біреу келіп «Ей інішек, осы сенің айтып жүргенің не ән?» дейді. Бұл да бір пікір. Оны да сыйлаған дұрыс.

"Егемен Қазақстан"