13 шіл, 2018 сағат 16:48

Ғалымдар бургердің ешкім күтпеген зиянын анықтады

Қытайдағы Сычуань университетінің ғалымдары аптасына үш немесе одан да көп бургер жеу демікпенің пайда болу тәуекелін арттыратынын ескертті.

Британиялық The Sun басылымының хабарлауынша, зиянды тағамды жиі жеу басқа да аллергиялық аурулардың дамуына себепші болуы мүмкін. Олардың арасында аллергиялық ринит пен пішен безгегі бар. 

Қытайлық мамандар фаст-фудты жиі жеген балалар мен жасөспірімдер артық салмақ жинап, семіздікке шалдығатынын ескертті.

Бұған қоса, ғалымдардың айтуынша, майлы тағам демікпе кезінде тыныс жолдарының қабынуын күшейтіп, нәрлі заттарға бай жеміс-жидек пен көкөністі тұтынуды азайтады. 

Ал басқа да зиянды тағамдардың, мәселен газдалған сусынның ағзаға теріс әсері аса қатты байқалмаған.

sputniknews.kz