22 жел, 2016 сағат 07:21

Ғалымдар Арктикадан 90 млн жыл бұрынғы құс сүйегін тауып алды

- Канадалық ғалымдар Арктикадан ежелгі құстың тас боп қалған сүйектерін тапты.

Тасқа айналған құс қалдықтарын  зерттеушілер Арктиканың Аксель-Хейберг аралынан тауып отыр.

Мамандардың пайымдауынша, бұл құс 90 миллион жыл бұрын дәл осы мекенде тіршілік еткен. Құс сүйегінің ұзындығы 12 сантиметрге жеткен, бұл - қанаттылардың айтарлықтай ірі болғанын дәлелдейді. Табылған құсты ғалымдар "Tingmiatornis arctica" деп атады. Құстың ірі балықтармен қоректенгені анықталды.

"Ғалымдардың айтуынша, Арктикадан табылған құс сүйегі бұл аймақта жылы климаттың болғанын дәлелдейді", деп жазады informing.ru.