20 сәу, 2017 сағат 12:39

Ғалым Жайлыбай. Ұлттың кодын сақтау – ұлтты сақтау

Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы­­ның Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: руха­ни жаңғыру» тұжы­рым­дамасы ақиқатты Алаш жұртының алдына жа­йып сал­ған, Абайша айт­сақ, «Сыл­дырап өң­кей келі­сім­нен» тұра­тын жүрек­тің көзі, тілектің сөзі. Аққу­дың қа­на­­­ты­нан ән естіріп, тұл­пар­­дың тұя­ғынан күй тың­да­­ған қазақ деген қасиетті жұрт­­тың, Қазақ­стан деген қастерлі ел­дің ха­­ны мен қара­ша­сының жа­нының нұры, кө­ңі­л­інің сыры бірге толқып жатса сана­мыз­­дың сара даңғыл­ға түс­кені. Бұл бір бү­гін­гі ұрпақ темір­қазықтай кие тұтып, бола­­шаққа бағдар етер тұжы­рым тұнған сөз.

«Жаңғыру атаулы бұрын­ғыдай тарихи тәжірибе мен ұлт­тық дәстүрлерге шекеден қара­­мауға тиіс. Керісінше, за­ман сырынан сүрінбей өт­­кен озық дәстүрлерді та­быс­­ты жаңғырудың алғы­шарт­­­­тарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», делінген онда.

Ұлттық рухани-тамыр... Баға­налы бәйтеректің бұта­ғын жел шайқап, дауыл тер­бет­кен талай. Заманалар желі, ғасырлар дауылы.

Сол тамыры терең бәйте­рек сонау көшпенділер өрке­н­иеті­нен аман жетіп XXI ғасырдың бастауынан нәр алып күнге қарап жапырағын жайып тұр. Бұл кезең – жер-жаһаңда ақыл-ойдың ала­ман­ға түскен уақыты.

«Жаңа тұрпатты жаң­ғырудың ең бас­ты шарты – сол ұлттық кодыңды сақ­тай білу. Онсыз жаңғыру деге­ніңіз құр жаң­ғырыққа ай­налуы оп-оңай», делінген Ел­­ба­­сымыздың осы еңбегін­де. Түйткілді ше­шер түйінді ой осы. Ұлт­тың болмысын, елдің тұ­тас­­тығын сақтау – сізге де, бізге де сын. Шын­дық із­­де­­­ген боп шығанға шық­­пай, «Жаным – арымның са­да­­­ғасы» дейтін қазақи қағи­­­да­­ның ауылынан алыс қон­­ба­­­сақ құдай тілеуімізді берер.

Осы ой толғаудың үшін­ші бөлігі «Ұлттық біре­гей­­лікті сақтау» деп аталып­ты. Онда: «Ұлттық салт-дәс­түр­­леріміз, тіліміз бен музы­ка­мыз, әдебиетіміз, жорал­ғы­ларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс», делінген.

Осы санаттағы «Қазақ­стан­дағы 100 жаңа есім» идеясы, «Туған жер» бағдар­ла­масы ел мен жердің ер­теңін ойлаған арналы тол­ға­ныстардың жемісі. Жақ­сы­лықтар мен игіліктер жа­рия болуға тиіс. Жақсы адам­дар, жомарт жүректі жан­дар жанымызда жүр. Бү­гін­гі күннің кейіпкерлерін на­си­хаттау, бүгінгі күннің бүтін сөзін айту – міндеттің үлкені.

Жақында «Қазақстан» теле­арна­сының «Айтуға оңай» бағдарламасына қонақ етіп шақырды. Туған жеріне көмег­і тиген азаматтар жөнін­де хабар екен. Солар­дың ішін­де менің ауылдасым, со­нау Жаңаарқаның «Жеңіс» ауылынан келген Қай­рат Көпбаев деген іні-бауы­рым­ды көріп, қуанып қал­дым. Жеке қожалық иесі, жыл­қышы Қайрат ауылға спорт кешенін салыпты. Оның құны 110 миллион теңге екен. Тұсаукесерін жасап, ауыл әкіміне өткізіп беріпті. «Одан саған түсер не пайда бар?» – деген тележүргізуші сұ­ра­ғына: «Ауылдың бала­ларына керек емес пе?» – деп күлім қағады Қайрат бауы­рым. Міне, «Туған жер» идея­сының қолдау­шысы, міне, бүгінгі күннің кейіпкері.

«Гүлстан» журналы­ның ре­дакторы, белгілі кәсіп­кер Гөзел Құлжабаева қа­рын­дасымызбен көптен ара­ласып тұрамын. Өз ауылы «Басши», «Нұрым» деген елді мекендерден бірнеше бақ орнатқан, гүлге бөлеген. Қазақстанда оның кәсібінен үлгі алып жүргендер де көп. Арманы – қазақтың жерін гүлге көмкеру, баққа орау.

Кешегі Бұқар жырау бабамыз: «Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз: жат жанынан түңілсін, айнала алмай ат өлсін, айыра алмай жат өлсін», – деп бекер өсиет ай­тып кетті дейсіз бе?

«Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» сара да дара жолдың бас­тауын­­да ел Көш­бас­шысының үкілі үміті, аялы арманы.

«Кемедегінің жаны бір» дейді қазақ. Ұлттың кодын сақтау деген сөз – ұлтты сақтау деген сөз. Екі дәуір мен екі ғасыр тоғысында жаңғыру­дың жаңа бағытын Елбасы өзі ұсынып отыр.

Менің де, сенің де Ота­ның – Қазақ­стан, бауы­рым! Одан басқа түгіміз де жоқ.

Барымыз да, бағымыз да, бақытымыз да – Қазақстан!

Болашақтың бағдары баршамыздың арманымызды аяласын.

Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ,  

ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары

"Егемен Қазақстан"