08 ақп, 2017 сағат 13:09

Ғалым Боқаш. Қазіргі қоғам реакциясы - "заң түсінбейтін сауатсыз халықтың шуы" емес

"Орталықтан басқару" мен "коллективтік меншік" сияқты түсініктер совет кезеңінде санасына әбден сіңген халықтың тәуелсіздік кезеңінде шынайы әл-ауқаты жақсармай тұрып, жекеменшік мүлік-мүкәммалына кепіл берілмей тұрып, кәсіпкерлер мен тұтынушылар еркін нарық пен бәсекенің қызығын көрмей тұрып, жемқорлық пен алым-салықтың зардабы жойылмай тұрып, демократиялық процестер облыс, аудан мен ауыл деңгейінде жүргізілмей жатып, дамушы елдегі биліктің аяқ астынан заңнаманы "либералдандыра" бастауы өзіне көр қазумен тең.

Қазіргі қоғам реакциясы - "заң түсінбейтін сауатсыз халықтың шуы" емес, жеке басының әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігіне көзі жетпейтін шарасыз һәм шаршаған жандардың "Жарылқауды әуелі бізден баста! Заңнаманы өркениетті қылғың келсе, әуелі бізбен өркениетті қарым-қатынас жаса!" деген талабы. Бұл талап енді тек ұлғая береді. Тат басқан жазалау машинасынан қайран жоқ. Билік бұл ситуациядан жемқорлықты тыю, экономиканы диверсификациялау, жұмыс орындарын ашу, урбанизацияны жүйелеу, ауыл деңгейінде инфрақұрылымды дамыту бойынша шынайы реформалар жасай бастаса ғана бүтін шығады.

Ғалым Боқаштың фэйсбуктағы жазбасынан