24 ақп, 2017 сағат 07:48

Галина Вишневская Азиаданың екі дүркін чемпионы атанды

Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының 10 километрлік із қуу жарысында алтын алды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ол 23 ақпан күні спринттік жарыста да Азия ойындарының чемпионы атанған еді. Күмісті қытайлық Ян Жанг, ал қоланы тағы бір қазақстандық Дарья Усанова иеленді.

Сонымен қатар, ерлер арасындағы із қуып жарысуда қазақстандық Ян Савицкий күміс жүлдегер атанды. Бұл жарыста алтынды жапониялық Микито Тачизаки, қоланы оңтүстік кореялық Янг Ким ұтты.