13 қыр, 2019 сағат 15:31

Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды

ҚР Премьер-Министрінің Өкімімен Әбдірахымов Ғабидолла Рахметоллаұлы ҚР Үкімет басшысының кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов 1975 жылы 23 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Кирово ауылында (қазіргі Түркістан облысы) туған. 

Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-бухгалтер мамандығы бойынша тәмамдаған, "Болашақ" бағдарламасының түлегі. Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін біледі.

Түрлі жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігін, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігін басқарған. ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары, ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің басшысы, «Nur Otan» партиясының хатшысы лауазымдарын атқарған. 2015-2017 жылдары, сондай-ақ 2018-2019 жылдар аралығында Шымкент қаласының әкімі болып жұмыс істеді.

Шымкент қаласының әкімі лауазымынан 2019 жылдың 30 шілдесінде босатылды.