21 қар, 2019 сағат 19:32

Футзалдан Чемпиондар лигасы: Қазақстандық екі команда қарсыластарынан жеңілді

Бүгін футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы элиталық сатысының алғашқы тур ойындары өткізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жарыстың аталмыш сатысында Алматының «Қайраты» мен Рудныйдың «Аят» командалары сынға түседі. Екі команда да бірінші турда қарсыластарына есе жіберіп қойды.

«Қайрат» бақ сынап жатқан С тобындағы ойындар Алматы қаласында өткізілуде. Бүгін алматылықтар Испанияның «Мурсия Эль-Посо» командасымен кездесті. Бұл кездесуде испан футзалшылары 4:1 есебімен жеңіске жетті. Олардың қатарынан Фернан 19, Маттеус 34, Алекс 36, Альберто 37-минуттарда гол соқса, «Қайрат» сапынан Альберто 28-минутта жалғыз голмен жауап қайырды.

Енді «Қайрат» 22 қарашада Португалияның «Бенфика», 24 қарашада Италияның «Песаро» командасымен кездеседі. «Бенфика» бүгін «Песародан» 1:5 еесбімен жеңіліп қалды.

Ал «Аят» В тобында Ресейдің Тюмень қаласында бүгін жергілікті «Тюмень» командасынан 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Енді «Аят» 22 қарашада Португалияның «Бенфика», 24 қарашада Хорватияның «Ново Вриеме» клубтарымен шеберлік байқасады.

Бұдан бұрын «Қайрат» және «Аят» элиталық кезеңге жолдама алғанын хабарлаған едік.