#
#
Сейсенбі 12/11/2019

Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» және «Аят» элиталық кезеңге жолдама алды

  • 11.10.2019
  • 0
  • 228

Қазақстандық «Қайрат» және «Аят» клубтары футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы элиталық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қайрат» жарыстың негізгі кезеңінде төртінші топта сынға түсті. Олар алғашқы екі кездесуде Ресейдің КПРФ командасынан 0:3, одан кейін Испанияның «Мурсия» клубынан 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Жарыс ережесі бойынша әрбір топтан алғашқы үш орындағы командалар турнирдің келесі сатысына жолдама алатын еді. Нәтижесінде «Қайрат» соңғы ойында бүгін Венгрияның «Береттьоуйфал» клубын 3:0 есебімен тізе бүктірді. Осылайша жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

UEFA Чемпиондар лигасында биыл тұңғыш рет бақ сынаған Рудныйдың «Аят» клубы да аталмыш турнирдің элиталық кезеңінде ел намысын қорғайды. «Аят» алғашқы кездесуінде Литваның «Витисінен» 5:4 есебімен басым түсіп, одан кейін Испанияның «Барселонасынан» 1:7 есебімен жеңілді. Бүгін олар Ресейдің «Тюмень» командасына 3:8 есебімен жол берді. Нәтижесінде үшінші топта алғашқы үштіктен көрініп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

UEFA Чемпиондар лигасы элиталық кезеңі 19-24 қараша күндері өткізіледі. Ал финалдық сатысы 2020 жылдың 23-26 сәуір күндері болады деп күтілуде.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР