05 мау, 2020 сағат 15:57

Футзал: Кака «Қайратқа» тағы үш жыл бапкер болады

Футзалдан Алматының «Қайрат» командасы бразилиялық маман Пауло Рикардо Какамен келісімшарт мерзімін 2023 жылға дейін созды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" команда сайтына сілтеме жасап.

Кака аталған клубқа 2018 жылдан бері жетекшілік жасап келеді. Сол уақыттан бері ол командамен бірге футзалдан Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды. Сондай-ақ, Қазақстан кубогының иегері атанды. Екі мәрте еліміздің суперкубогына қол созса, 2018/2019 жылғы кезеңде UEFA Чемпиондар лигасында күміс жүлдегер атанды.

 

Бразилиялық маман - футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері. Өткен жылы ұлттық құрама өз тарихында үшінші мәрте әлем чемпионатына жолдама алды.